8 ай бойы іздеуде болған Тоғызқұдық ауылының тұрғыны 35 жастағы Октябрь Балбидің денесі өткен сәуірде ауылдан 10 шақырым жерден табылған болатын. Күйеуі Саят Жаманбаев алдымен әйелін жоғалды деп өтірік айтып, 4 айдан кейін балтамен шауып өлтіргенін мойындаған. Осы уақытта кәмелетке толмаған 4 баласын нотариус арқылы әпкесінің атына жаздырып кеткен. Сөйтіп полицияға берілетін күні қорасында асылып қалады. Осылайша "күдікті өлді" деген себеппен іс жабылған.