Жалғыз ұлынан қалған немересін қолына алған сайын, Ғалия Жаңабаеваның көкірегі қайғыдан қарс айырылады. Келіншек ұлынан қапияда айырылып қалғанын айтады. Тамыздың 17-сі ұлы Айбек Бекасыл қас қарая жөндеуге қойған көлігін көріп қайтпақ болған. Әрі қолына 150 мың теңге ақшасын ала шығыпты. Алайда сол күйі үйге оралмаған. Туыстары шарқ ұрып, денесін тек екі күннен соң Түлкібас ауданынан тауыпты. Ал сараптама марқұмның өлім себебіне мақсары егілген далада өз қанына өзі тұншыққан деген қорытынды беріпті. Бірақ бұған анасы сенбейді.