Оның сөзінше, ер адам мектеп оқушысын ұрлап, анасына қалың мал ретінде 600 мың теңге төлеген. Қыздың әкесі полицияға арызданған. Оның сөзінше, ол әйелімен ажырасып кеткен, бірақ алимент төлеп тұрған. Әкесі 2022 жылдың соңында әлдекім қызын алып қашып, Жетісай ауданына алып кеткенін, артынша беташар жасалғанын айтады. Бұл туралы 15 жастағы оқушы қыздың әкесі әлеуметтік желі арқылы білген. Ер адамның сөзінше, қызы бұл некеге қарсы болған.