Сайрам АПБ-ға киім-кешек сатумен айналысатын кәсіпкер ер адам арызданды. Жәбірленуші өз арызында оның Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолы бойында орналасқан киім-кешек сақтауға арналған қоймасынан тауарлары белгісіз жағдайда азайып, ұрланып жүргенін байқағанын жеткізді. Ер адамға келтірілген шығын көлемі шамамен 10 млн теңгені құраған.