Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданды. Жәбірленуші әйел өз арызында 2022 жылдың қазан айында танысына алданып, 140 мың теңге бергенін көрсеткен. Яғни, балаңызға әскери билет шығарып беремін деген уәдеге сенген тұрғын соңында сан соғып қалған.