Ордабасы ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, бейтаныс біреу оның атынан 880 мың теңге несие алған, – деп жазады Polisia.kz. Яғни жәбірленуші әйел банктен хабар келгенде өзге біреудің несие алғанын біледі. Содан жергілікті тұрғын тез арада полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.