«Қазақстан Ұлттық банкі өздерін полиция немесе Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстыратын телефон-алаяқтарының пайда болғанын ескертеді. Олар «заңсыз әрекеті үшін банк менеджерін ұстауға арнайы операция» жүргіземіз деген желеумен азаматтарды несие рәсімдеуге немесе микроқарыз алуға үгіттеп, ақшаны үшінші тұлғаның шотына аударуға көндіреді», - делінген хабарламада.