Алдымен ер адам бұрынғы әйеліне хабарласып, түнеуге өтініш жасаған. Алайда әйелі тұтқаны қоя салған. Кейін үйіне келіп, домофон арқылы да, телефон арқылы да қоңырау шалған. Әйел тұтқаны көтермеген соң үстіндегі спорттық күртесін шешіп, бұрынғы жұбайының көлігінің алдыңғы дөңгелегіне қойып, өртей бастайды. Жалын тез арада вамперге, алдыңғы қозғалтқыш ұясы мен басқа да жерлерге тараған.