Армениядан әкелінген және уақытша есепке қойылған сары белгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алған көлік құралдары ағымдағы заңдастыру шеңберінде тіркеуге жатады. Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Жамалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.