Алматы № 72 (ЛА-155/18) тергеу изоляторында қазір 1300-дей адам қамауда. Оның ішінде 200-ге жуығы - әйелдер, 10-кәмелетке толмағандар, 30 - шетелдіктер. Zakon.kz тілшісі тергеу изоляторында болып, сотталған азаматтармен әңгімелесіп, жалпы мекеменің жұмысы туралы біліп қайтты.