Көкшетау қаласының 52 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, картасынан 310 мың теңгенің ізім-қайым жоғалғанына арызданды. Ер адамның айтуынша, оған қандай да бір қоңыраулар келіп түспеген, көрсетілген қаражатты ол қандай да бір шотқа аудармаған, деп хабарлайды Zakon.kz.