2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы 23 млн тоннадан артып, тарихи максимумнан асты. 2023 жылдың басынан бері аталған көрсеткіш тағы 22% өсті. Мұндай жағдайда негізгі халықаралық бағыттардың қиылысында орналасқан Алматы теміржол торабына жүктеме артып отыр.