Биыл қолайлы ауа-райы жағдайлары егін жинау жұмысын уақытылы бастауға мүмкіндік берді және бүгінде республика бойынша барлығы 2,4 млн гектар немесе 14,1% дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі гектарына 11,5 центнер болып, 2,8 млн тонна астық бастырылды.