Ерлан Қарин президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады tiek.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығын Ақорда жариялады. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада. Қарин бұған дейін мемлекеттік кеңесші болған.
Ерлан Қарин президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Оқиғалар