Мемлекет басшысы Deutsche Bahn компаниясының отандық теміржол секторын жаңғыртуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Осы орайда DB Engineering & Consulting еншілес кәсіпорны мен «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясының жолаушылар тасымалын дамыту бағытындағы бірлескен жобасын айрықша атап өтті.