Осылайша Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік биыл жаңа белеске шықты. Брюссельде өткен «Қазақстан – Еуроодақ» ынтымақтастық кеңесінің 22-ші отырысы екіжақты кеңейтілген серіктестіктің 10 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы аралықта Еуроодақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық әріптесіне айналды.
Оқиғалар