4 шілде күні өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде Қасым-Жомарт Тоқаев экология саласындағы өзара байланыстарды нығайту мәселесіне тоқтала келе, ШЫҰ мен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы арасында серіктестік байланыс орнатуды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.