Фото: Ақорда Елімізге Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кипр Республикасының президенті Никос Христодулидис келеді. Ресми сапар 2-4 маусымға жоспарланған. Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту перспективасын талқылайды. «Сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады», — делінген Ақорданың ресми парақшасында.