Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәми Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық Кеңестің «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жыл сайынғы Жолдауын жария етті. Кеңестің пікірінше, 5 маусымда республикалық референдумда қабылданған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғыртудың құқықтық негіздерін қалады. Конституцияға түзетулер мен олардың негізінде қабылданатын заңнамалық …