Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілі Лаоста еңбек құлдығында екенін мәлімдеген Анель Бермағамбетованың үндеуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. СІМ мәліметінше, отандасымыз консулмен байланысқа шығып, өзінің жағдайы туралы айтып берген. Қазақстанның Ханойдағы елшілігі Лаостың Сыртқы істер министрлігіне оны құтқаруға барынша көмек көрсету туралы тиісті нота жолдаған. Лаос полициясы бұл мәселемен айналысып жатыр, …