Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономаревті қабылдады. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады. Президент – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жалпыұлттық бірегейлікті одан әрі арттыру, ел бірлігін нығайту, өскелең ұрпақты отаншылдық рухында тәрбиелеу бағытында Қауымдастықтың атқарған қызметі туралы мәлімет берілді. Сергей Пономарев ұлтты ұйыстыратын фактор ретінде мемлекеттік...