Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстанның Сыртқы істер министрінің бұл елге сапары екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері 30 жыл ішінде алғаш рет болып отыр. М. Тілеуберді ВСР Сыртқы істер министрі Буй Тхань Шонмен келіссөздер өткізіп, оның барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық …