Ернар Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. «Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.