Respublica партиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын кандидаттарының партиялық тізімін Орталық сайлау комиссиясына тапсырды, деп хабарлады tiek.kz. Құжаттарды партия төрағасының орынбасары, Орталық аппарат жетекшісі Жанат Ысқақов бастаған делегация өткізді. Партиялық тізімге 76 кандидат енген. Олардың орташа жасы – 41 жас. Ең жас кандидат – 27 жаста, ең үлкені – 55 жаста. Тізімнің басым бөлігін кәсіпкерлер құрайды. …