Құжаттың алғашқы нұсқасына сәйкес, Тұңғыш Президент мәртебесіне байланысты мәселелер республикалық референдумның нысанасы бола алмайды деп хабарлады turkystan.kz. Түзету қолданыстағы Заңның 3-бабының 2-тармағы туралы болып отыр. Сенаторлар «Референдум туралы» заңнан Елбасы туралы норманы алып тастады. Енді бұл заң жобасын Мәжіліс депутаттары қайта қарайтын болады, егер олар келіссе, құжат алдағы уақытта Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.