Парламент депутаттары волонтерлік қызметті одан әрі дамытуға арналған заңды қабылдады. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл заң бірқатар қоғамдық қатынасты реттейтін заңнаманы одан әрі жетілдіретінін айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Осы заң арқылы азаматтардың қайырымдылық пен волонтерлікке жүйелі негізде қатысуын ынталандыру көзделген. Сондай-ақ бұл құжат осындай әлеуметтік пайдалы қызметпен айналысу мәдениетін дамыту үшін қолайлы құқықтық орта қалыптастырады. …