Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға жұмыс сапары барысында Әмір шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті. Мемлекет басшысы Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтып, оның Қатардың өркендеуіне және Қазақстан–Қатар ынтымақтастығының нығаюына қосқан зор үлесін атап өтті. Президент шейх Хамадтың бастамасымен Астанада әл-Фараби мешіті салынғанын және тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бірқатар әлеуметтік …