Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс пен Сенаттың отыз жылдық қызметіне баға берді. Мемлекет басшысының айтуынша, осы уақыт ішінде Парламент елдің дамуына елеулі үлес қосып, шамамен 3,5 мың маңызды заң қабылдады. Қабылданған заңдардың әр оныншысы депутаттардың өз бастамасымен әзірленген. Президент заң шығару жүйесінің қалыптасуына мемлекет және қоғам қайраткерлері зор үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ …