Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, бауырлас өзбек халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Сонымен қатар Шавкат Мирзиёевтің парасатты басшылығының арқасында Өзбекстан әлеуметтік-экономикалық даму мен халықаралық беделін арттыруда мол табысқа қол жеткізіп, кешенді реформалар арқылы сенімді түрде ілгерілеп келе жатқанына назар аударды. …