Бүгін Мәжіліс депутаттары цифрлық кодексті екінші оқылымда қабылдады. Құжатты қарау кезінде жұмыс тобына 163 түзету келіп түскен. Заң жобасында цифрлық ортада жеке тұлғаның, мемлекеттің қауіпсіздігін арттыру тетіктері қамтылған. Сондай-ақ шектеу енгізілмеген цифрлық жазбаларды іздеуге әрі оны қалыптастыруға еркіндік берілген. Азаматтар мен қоғамдық мүдделердің теңгерімін сақтау жағы да қаралып отыр. Тағы бір жаңашылдықтың бірі - электрондық құжаттар түпнұсқамен теңестіріліп, ақпаратты қорғау жүйелері күшейтілді. Бұдан бөлек заңға смарт-келісімшарттар ұғымы енгізілді. Ол кәдімгі шарттарды алмастырмаса да, тек соның орындалуын автоматтандыру үшін қолданылады.
Оқиғалар