Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған конституциялық реформа қоғамда сындарлы түрде талқыланып жатқанын айтады. Жұртшылық конституциялық реформаның барлық тармақтарын, соның ішінде Тұңғыш Президентке қатысты жекелеген нормаларды Конституциядан алып тастау туралы түзетулерді де зерделеуде. «91-баптағы Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде Тұңғыш Президент мәртебесінің өзгермейтіндігі туралы норманың сақталуы да қоғамда айтарлықтай қарсылық …