ЖІӨ өсімін 6% деңгейінде қамтамасыз ету мақсатында экономика салаларында өсудің қосымша көздері пысықталады. Тау-кен өндіру секторын дамытуға, оның ішінде ірі мұнай-газ жобаларын, өңдеу өнеркәсібін, АӨК, ШОБ және қызмет көрсету секторын жандандыруға баса назар аударылады.