Ұлытау облысының әкімі ауысты. Мемлекет басшысы 40 жастағы Есет Байкенді Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындады. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – делінген ресми хабарламада. Ол бұған дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген. Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылған еді.