Заң қабылдау құқығы Мәжіліске тиесілі болады. Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Заң шығару процесін жаңғыртуға арналған бірқатар өзгеріс жасалды. Заң қабылдау құқығы негізінен Мәжіліске тиесілі болады. Сенатқа Мәжіліс қабылдаған заңдарды мақұлдау немесе мақұлдамау құқығы беріледі. Реттейтін мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, Конституциялық заңдарды палаталардың бірлескен отырысында қабылдау қолдау тапты. …