Қазақстанда қабылданған жаңа Конституцияны жай ғана құқықтық түзетулер жиынтығы деп қарастыру жеткіліксіз. Бұл – мемлекеттің даму логикасының өзгергенін көрсететін, қоғам мен билік арасындағы қатынастарды қайта айқындауға бағытталған стратегиялық қадам. Соңғы жылдары қоғам өзгеріп, бұрынғы конституциялық модель жаңа әлеуметтік және азаматтық сұраныстарға толық жауап бере алмады. Сондықтан бұл реформа – тек заңды жаңарту емес, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарды қайта қарау қажеттілігінен туындаған шешім.
Оқиғалар