Кейінгі кездерде Қазақстанда сақтандыру қызметтері жайды жиі айтыла бастады. Осыған орай Fingramota.kz сақтандыру не үшін қажет және оның қандай түрлері бар деген сұрақтарға жауап берді. Елімізде сақтандыру қорларындағы ең негізгі үлес – мүліктік сақтандыруға тиесілі. Оның мөлшері шамамен 60%-тен астам. Қазіргі таңда азаматтар мен кәсіпкерлер өз ғимараттарын, түрлі үй-жайларын, техникалық жабдықтарды, тіпті жиһаздарды да ерікті […]