Қарағандыда коммуналдық мекеме қызметкерлері қала тұрғындарын әбігерге салды. Құбырларға гидравлика сынағын жүргізген компания қаланың бір бөлігін көлге айналдырды. Себебі қысымға шыдамаған құбырлар жарылып, тұрғын үйлердің терезесі мен көліктерді талқандаған.