Елдіктің басты тірегі – ынтымақ пен бірлік. Ал бірлік пен ынтымаққа бастайтын басты қағида болашаққа деген сенім, тарихқа құрмет. Халқымыздың тарихына көз жүгіртсек осынау ұлаңғайыр даламызды ауызбірлік пен ұйымшылдықтың арқасында ғана сақтап қалған. Алмағайып кезеңдерде тағдырдың тауқыметімен елімізге келіп паналап, осы жерде өсіп-өніп, қазақпен ағайын, туысқандай болып тұтасып кеткен бөгде ұлт өкілдері қаншама.