Қыркүйектің 8 жұлдызында Алматы облысындағы Есік қаласында 1970 жылы табылған Алтын адамды зерттеуге 30 жыл ғұмырын жұмсаған жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның ғылыми мұрасына арналған бірнеше шара өтті. Алдымен Есік мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Киіз үй» конференц-залында «Алтын адамның күміс тостағандағы 26 таңбасының құпиясын ашқан ғалым» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.