Жыл сайын миллион адамға шаққанда кітап оқитындар саны Еуропада шамамен 1500-3000 адамға тура келеді екен. Елімізде бұл көрсеткіш осыдан 3-4 жыл бұрын мыңға да жетпейтін еді. Қазақстанда қазақ тілінде оқитын оқырмандар аз болды ма, я оқырманның сұранысын қанағаттындарытын баспалар мен кітап дүкендері жетіспеді ме, осы уақытқа дейін шынында да кітап оқитындардың саны азайып кеткені рас болатын. Бірақ кейінгі 3-4 жылда қазақ тілді кітап нарығының саудасы қызып, кітап дүкендері мен баспалары біртіндеп көбейе бастады. Соның бірі жақында ашылған – Ziyat кітап дүкені. Оны иесі – талантты ақын Аслан Тілеген.