Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толды. Зұлмат жылдар тарих қойнауына өзіндік сырын ала кеткенімен, қанша адам елге оралмады. Араға жылдар салып, ұрпақтары Отан жолында от кешіп, майдан даласында із-түзсіз кеткен сарбаздарды іздеу жұмыстары қолға алынды. «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі осы жүгі ауыр міндетті арқалауға бел буыпты.