Ел тәуелсіздігінің баянды болуының бір тетігі мемлекетіміздің 30 жылдан бері жүргізіп келе жатқан этносаясатымен де байланысты. Осы уақыт аралығында әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдер қатарына қосылу мақсатында ҚР дамуының стратегиялық бағыттарын қалыптастырды. Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы мемлекеттің тұрақты дамуымен және өз кезегінде ел ішіндегі ұлтаралық бейбітшілікті қамтамасыз етуімен байланысты.