Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында ең алдымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне тоқталып, береке-бірлік пен тату тірлік арқылы қол жеткізген ең қастерлі құндылығымызға айрықша мән берді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты мен көшбасшылық қасиетінің арқасында бүкіл әлемге танымал, іргесі біртұтас, жаңа мемлекет құрылғанын тілге тиек ете келе, «Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы», – деп, алдағы уақытта да барлық бастаманың осы бағытта жалғасатынын атап өтті.