Басқа салада еңбек етсе де елдің тарихы мен ұлттың мүддесіне жаны ашитын, қажетті кезде белсенділік таныта алатын азаматтардың аз болмағаны қандай жақсы! Көпшіліктің кәдесіне жарайтын дүниені көппен бөлісу де нағыз азаматтықтың белгісі емес пе? Біз осындай халықшыл азаматтардың арқасында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке қатысты бірқатар тың деректер естіп отырмыз. Естігенді қойып, Қайрат Рысқұлбековты сан мәрте көрген түрме қызметкерімен көзбе-көз жолығып әңгімелесіп те қайттық.