Тіліміз бай. Оған дау жоқ. Алайда ғалымдар сол бай тілдің әр сөзін, сөйлемін жинап бір қор құрып, оны қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруға пайдалана алмасақ, тіліміздің қолданылуы кеміп, суалған теңіздей бірте-бірте нәрінен айырып, жоғалтып алуымыз мүмкін екенін айтады. Бір сөзбен айтқанда, адам өміріне, ғылымға, техникаға, бәрі-бәріне қатысты қандай сөз бар соның бәрі хатталып, шотталып, ІТ платформаға енгізіліп цифрландырылған электронды қор жүйесінде тұруға тиіс. Мұны жұрт «ұлттық корпус» деп атап жүр. Ұлттық корпус жасауда біз әлі табалдырықта тұрмыз. Ал анау дамыған ағылшындар 524 миллион, тіпті көршіміз Ресей 990 миллион сөзқолданысын хаттап қойыпты.