Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің бүгінгі Жолдауында еліміздің дамуына қатысты аса маңызды мәселелерге тоқталды. Әлем бойынша барша адамзаттың басына түсіп отырған пандемияның әсерінен халқымыз экономикалық, әлеуметтік, психологиялық және рухани қиындықтарға тап болды. Соған қарамастан біз өз мақсаттарымызды айқын белгілеп, соның жолында нақты қызметтер атқарып жатқанымызды атап көрсетті.