– Салтанат Берденқызы, ең алдымен сіздің осындай биіктерден көрінуіңізге мұрындық болған ұстаздарыңыз туралы айтып өтсеңіз. – Ерен еңбегімен, білікті маман ретінде есімде ерек қалған ұстаздарымның бірі – академик, ғалым Қазис Тәшенов. Ол кісі өте білімді әрі интеллигент еді. Физиология институтының директоры болды. Мен сол кісіні өзіме үлгі тұттым. Биология факультетінің Адам және жануарлар физиологиясы кафедрасын тамамдағанмын. Алғашқы екі жылда жалпы білім беріледі де, үшінші курстан бастап маман даярлау курстары жүргізіледі.