Архат пен Құндызды ауылына болыстық еткен Әбен қажы ұлды боларын түсінде көріп, «балам тар заманда өмір сүреді, алайда ақыл-парасаты биік тұлға болады» деп жорыпты. Көреген кісі ғой. 1901 жылдың көктемінде Құндызды ауылындағы Әбеннің Ақтасы деген жерде сәби іңгәсі естіледі. Әкесі құдайға шүкір етіп, есімін Мұхамедшүкір қояды. Айтқанындай, Шәкір ақын – алмағайып заманда жұрттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған тұлға еді.