Түркияның Ыстамбұл қаласында Түркі кеңесінің «Тұғырлы тарихы бар жарқын болашақ» медиафорумы өтті. Түркі кеңесі – түркітілдес мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым. Тамырын 2009 жылдан алатын ұйымға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан елдері мүше. Түрікменстан Түркі кеңесіне әлеуетті мүше мемлекет болып саналса, Мажарстан – бақылаушы мемлекет. Бұған дейін Түркия елінен Халил Ақынжы және Әзірбайжаннан Рамиль Гасанов Түркі кеңесінің бас хатшылары болса, қазіргі таңда бұл міндетті Қазақстаннан Бағдат Әміреев атқарып отыр.