Жуырда Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігіт әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендетуді сұрады. Бұл мәселені назардан тыс қалдыруға болмайтынын айтқан ол әлеуметтік желі арқылы зейнет жасын қысқартуға қатысты келетін өтініштердің көбейгенін жеткізді. «2015 жылы Қазақстанда әйелдердің орташа өмір сүру жасы 73 жас болған. Ал 2021 жылғы көрсеткіш бойынша, 70 жас. 2022 жылы БҰҰ-ның мәліметінше өмір сүру […]